«Спартак» сапында КСРО чемпионы атанған Николай Осьянин Мәскеудегі Даниловский зиратына жерленді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы ТАСС «Спартак» баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Мәлім болғандай, қоштасу рәсіміне «Спартак» ардагерлері - Никита Симонян, Николай Киселев, Виктор Папаев, Сергей Рожков, Владимир Петров, Владимир Янкин, Евгений Ловчев, Александр Пискарев, Сергей Шавло, сондай-ақ, Юрий Гаврилов, Александр Мирзоян, Владимир Букиевский, Валерий Гладилин және Сергей Новиков қатысты.

Осянин дүйсенбі күні 80 жасында қайтыс болды, 1966-1971, 1974-1976 жылдары «Спартак» сапында ойнады, сонымен қатар «Искра», «Крылья Советов» және алматылық «Қайрат» сапында өнер көрсетті.