«Аякстың» бас бапкері Эрик тен Хаг «Манчестер Юнайтедтің» тізгінін ұстауы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

Танымал инсайдер Фабрицио Романоның мәліметінше, осы аптада нидерландылық бапкер «МЮ» басшыларымен келіссөз жүргізген.

«Юнайтед» басшылары 52 жастағы маманның ағылшын тілі деңгейіне қанағаттаныпты. Алдағы уақытта басқа да факторлар есепке алынып, шешім шығарылады.

Англиялық клуб басқа да кандидаттармен келіссөз жүргізбек.