Украина футбол қауымдастығы Ресейдің «Зенит» клубында жаттықтырушысы болып жұмыс істейтін Анатолий Тимощукты атақ-дәрежесінен айырды.

Бұған Украина азаматы Анатолий Тимощуктың саяси ахуалға байланысты Ресейден кетпегені себеп болған. УФҚ футболшыны барлық титулынан айырып, бапкерлік Pro лицензциясының күші жойды.

Сондай-ақ Анатолий Тимощук енді Украинада футболға қатысы бар барлық салада жұмыс істей алмайды.