Ресей чемпионатының 21-туры аясында ЦСКА мен «Локомотив» кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

«РЖД Аренада» өткен ойында ЦСКА 2:1 есебімен жеңіске жетті.

Осы ойыннан кейін ЦСКА 39 ұпай жинап, РПЛ турнирлік кестесінде 3-орынға жайғасты.

Айта кетейік, ЦСКА сапында өнер көрсететін қазақстандық жартылай қорғаушысы Бактиер Зайнутдинов негізгі құрамда алаңға шығып, 68-минутта ауыстырылды.