Қазақстан уақыты бойынша 9 наурыздан 10 наурызға қараған түні Мадрид пен Манчестерде Чемпиондар лигасы 1/8 финалының екі қарымта кездесуі өтті, деп жазады Prosports.kz.

«Реал Мадрид» өз алаңына франциялық «ПСЖ» командасын 3:1 есебімен ұтып, керемет камбэк жасады. Парижде өткен алғашқы кездесуде 1:0 есебімен жеңіске жеткен ПСЖ Мадридте де алдымен есеп ашты. Жалпы есепте 0:2 болып ұтылып жатқан «Реал» 18 минутта үш гол соғып, жеңіс пен ширек финал жолдамасын жұлып әкетті. Үш голды да Карим Бензема соқты.

«Реал Мадрид» – «ПСЖ» 3:1 (0:1). Бірінші матч – 0:1

Гол соққандар: 0:1 - 39 Мбаппе, 1:1 - 61 Бензема, 2:1 - 76 Бензема, 3:1 - 78 Бензема.

Ал алғашқы ойында сырт алаңда 5:0 есебімен жеңіске жетіп, жолдама тарғдырын шешіп қойған «Манчестер Сити» өз алаңында «Спортингпен» тең ойнады. Бұл ойында тіпті есеп ашылған жоқ.

«Манчестер Сити» – «Спортинг» 0:0. Бірінші матч – 5:0