Sport.es хабарлауынша, каталондық клубтың 23 жастағы қорғаушысы ПСЖ-ның бақылауында және жақын арада Ла Лигадан Францияның 1-лигасына ауысуы мүмкін.

Уругвайлыққа тек ПСЖ ғана емес, ағылшындық «Челси» мен «Манчестер Юнайтед» де қызығып отыр.

Араухо «Барселонаға» уругвайлық «Бостон Ривер» клубынан 2018 жылы ауысты. Рональдтың клубпен ағымдағы келісімшарты 2023 жылдың маусымына дейін.