2028 жылдан бастап UEFА Еуропа чемпионатына қатысушылардың санын 32-ге жеткізбек, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Бұл мәселе бойынша түпкілікті шешім 2022 жылдың соңына дейін қабылдануы тиіс. Великобитания мен Ирландия Еуро-2028 турнирін өткізуге үміткер.

Естеріңізге сала кетейін, 1992 жылға дейін еуроның финалдық бөлігіне небәрі 8 команда қатысты, 1996 жылдан 2016 жылға дейін – 16, Еуро-2016-дан бастап – 24.

Жалпы UEFА құрамына 55 ұлттық федерация кіреді.

Қазақстан құрамасы тарихта ешқашан құрлық біріншілігінің финалдық кезеңіне өте алмады.