Қазақстан уақыты бойынша 8 наурыздан 9 наурызға қараған түні Мюнхен мен Ливерпульде Чемпиондар лигасының 1/8 финалының екі қарымта кездесуі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Мюнхендік «Бавария» өз алаңына Австрияның «Зальцбург» командасын 7:1 есебімен ұтты. Алғашқы матч тең аяқталған болатын.

«Бавария» (Мюнхен, Германия) – «Ред Булл Зальцбург» (Австрия) 7:1 (4:0). Бірінші матч – 1:1

Гол соққандар: 1:0 – Левандовский (12, пен), 2:0 – Левандовски (21, пен), 3:0 – Левандовски (23), 4:0 – Гнабри (31), 5:0 – Мюллер (54) , 5:1 - Кергор (70), 6:1 - Мюллер (83), 7:1 - Зейн (85)

Англияда «Ливерпуль» мен «Интер» командалары кездесті. Италиялықтар Лаутаро Мартинес соққан доптың арқасында 1:0 ұтты. Алайда бірінші матчта «Ливерпуль» 2:0 жеңгендіктен, екінші матч қорытындысы бойынша ағылшындар ширек финалға жолдама алды.

«Ливерпуль» (Англия) - «Интер» (Милан, Италия) 0:1 (0:0). Бірінші матч – 2:0

Гол соққан: 0:1 – Мартинес (61)