Молдова құрамасының бас бапкері Сергей Клещенко Ұлттар лигасының плей-офф кезеңі аясында өтетін Қазақстанға қарсы матчқа шақырылған легионерлер тізімін жариялады.

Толық тізім 10 наурызда жарияланады. Оған Молдова чемпионатында доп тебетін ойыншылар енеді. Сондай-ақ, төмендегі тізімде де өзгеріс болуы мүмкін.

Айта кетейік, қос құрама арасындағы алғашқы ойын 24 наурызда Молдавада, ал жауапты ойын 29 наурызда Нұр-Сұлтандағы «Астана Арена» стадионында өтеді.

Қақпашылар: Станислав Намашко («Кешля», Әзербайжан), Дориан Райлян («Униря Деж», Румыния);

Қорғаушылар: Олег Рябчук («Олимпиакос», Грекия), Игорь Армаш («Волунтарь», Румыния), Вячеслав Посмак («Тузласпор», Түркия), Денис Марандич («Целе», Словения), Даниэл Думбравану («Сиена», Италия), Артур Крачун («Царско село», Болгария);

Жартылай қорғаушылар: Артур Ионица («Беневенто», Италия), Рацэ («Волунтарь», Румыния), Михаил Каймаков («Славен Белупо», Хорватия), Кристиан Дрос («Славия Мозырь», Беларусь), Дмитрий Мандрыченко («Ингулец», Украина);

Шабуылшылар: Виталий Дамашкан («Сепси», Румыния), Раду Гынсарь («Ксанти», Грекия), Ион Николаеску («Маккаби Петах-Тиква», Израиль), Вирджилиу Постолаки («Мускрон», Бельгия).