Халықаралық шаңғы федерациясы (FIS) Ресей мен Беларусь спортшыларын жарысқа жібермейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Жарыстағы барлық спортшылардың қауіпсіздігі мен қорғалуын қамтамасыз ету үшін, FIS кеңесі ХОК ұсынымына сәйкес бірауыздан шешім қабылдады. Бірде-бір ресейлік немесе белорус спортшысы осы маусымның соңына дейін кез келген деңгейдегі FIS жарысына қатыспауы керек», - деп жазады ресми сайт.