Еліміздің фристайл-могулдан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Елена Круглыхинаға қатысты қызметтік тексеріс жүріп жатыр.

«Қазір фристайл-могулдан ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Елена Круглыхинаға қатысты қызметтік тексеріс жүріп жатыр. Соның қорытындысына қарай шешім қабылданады. Қосымша хабарлаймыз», - деп қысқа қайырды Дәурен Абаев Щучинскіде өткен XXIV қысқы олимпиада ойындарының қорытындысына арналған кеңейтілген отырыста.