Беларусьтік маман Алексей Шпилевский кипрлік «Арис» командасының бас бапкері атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Арис» басшылығы Шпилевский команда тізгінін ұстағанын 28 ақпанда ресми баспасөз мәслихатында хабарлады.

Еске салайық, 34 жастағы бапкер «РБ Лейпциг» (Германия) жүйесінде жұмыс істеп, 13-тен 16 жасқа дейінгі балалар командасын жаттықтырған. 2018 жылы маусымда «Динамо Бресттің» бас бапкері болып, екі айдан кейін командадан кетіп қалған.

Ал 2018 жылдың желтоқсанынан 2021 жылдың маусымына дейін «Қайратты» жаттықтырған. Шпилевский тізгінді ұстаған тұста алматылық команда 16 жылдан бері алғаш рет Қазақстан чемпионы атанған.