«Ақтөбе» тулалық «Арсеналдан» кетіп, еркін агент атанған жартылай қорғаушы Руслан Камболовпен келіссөз жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

32 жастағы хавбек «Ақтөбе» клубымен келісімшартқа отырды.

Камболов осы маусымда «Арсенал» сапында бес матч өткізген. Бұған дейін футболшы «Локомотив», «Рубин» және «Краснодар» сапында ойнаған. Ал Ресей құрамасында алты матч өткізген.

«Ақтөбеге» бұның алдында «Ротордан» жартылай қорғаушы Никита Маляров ауысқан еді.