25 ақпанда УЕФА-ның Ньон қаласындағы (Швейцария) штаб-пәтерінде Еуропа лигасы 1/8 финалының жеребе тарту рәсімі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл кезеңге қатысатын 16 команда екі топқа бөлінген: еленген (топтық кезеңде бірінші орын алған командалар) және 1/16 финалда жеңіске жеткен командалар.

Еленген топ: «Айнтрахт» (Германия), «Байер» (Германия), «Вест Хэм Юнайтед» (Англия), «Галатасарай» (Турция), «Лион» (Франция), «Монако» (Франция), «Спартак» (Ресей) және «Црвена Звезда» (Сербия).

Екінші топ: «Аталанта» (Италия), «Барселона» (Испания), «Бетис» (Испания), «Брага» (Португалия), «Порту» (Португалия), «РБ Лейпциг» (Германия), «Рейнджерс» (Шотландия) және «Севилья» (Испания).

Бір елдің өкілдері 1/8 финалда кездесе алмайды. Бұл кезеңнің матчтары 10 және 17 наурызда өтеді.

Еуропа лигасы 1/8 финалының жеребе тартуы рәсімі Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 17:00-де басталады. Оны мына СІЛТЕМЕ арқылы көруге болады.