24 ақпаннан 25 ақпанға қараған түні УЕФА Конференция лигасы 1/16 финалының қарымта кездесулері өтті, деп хабарлайды Prosports.kz .

Турнирдің бұл кезеңінде Конференция лигасының топтық кезеңінде екінші орын және Еуропа лигасының топтық кезеңінде үшінші орын алған командалар кездесті.

Конференция лигасының топтық кезеңінде бірінші орын алған командалар тікелей 1/8 финалға өткен: «АЗ» (Алкмар, Нидерланды), «Базель» (Швейцария), «Гент» (Бельгия), «Копенгаген» (Дания), ЛАСК (Австрия), «Ренн» (Франция), «Рома» (Италия) және «Фейеноорд» (Нидерланды).

Қарымта матчтар келесі нәтижелермен аяқталды (1/8 финалға өткен командалар қою шрифтпен жазылған):

«Партизан» (Белград, Сербия) – «Спарта» (Прага, Чехия) 2:1 (2:0). Бірінші матч – 1:0Гол соққандар: 1:0 – Гомеш (7), 2:0 – Гомеш (24), 2:1 – Гложек (85)

«Буде-Глимт» (Норвегия) – «Селтик» (Глазго, Шотландия) 2:0 (1:0). Бірінші матч – 3:1Гол соққан: 1:0 – Сольбаккен (9), 2:0 – Ветлесен (69)

«Раннерс» (Дания) – «Лестер Сити» (Англия) 1:3 (0:1). Бірінші матч – 1:4Гол соққандар: 0:1 – Барнс (2), 0:2 – Мэддисон (70), 0:3 – Мэддисон (74), 1:3 – Одей (84)

«Маккаби» (Тель-Авив, Израиль) – ПСВ (Эйндховен, Нидерланды) 1:1 (0:0). Бірінші матч – 0:1Гол соққандар: 0:1 – Вертессен (84), 1:1 – Саборит (90+1)

«Карабах» (Агдам, Әзербайжан) – «Марсель» (Франция) 0:3 (0:1). Бірінші матч – 1:3Гол соққандар: 0:1 – Гуй (12), 0:2 – Гендузи (77), 0:3 – де ла Фуэнте (90+2)

«Витесс» (Нидерланды) – «Рапид» (Вена, Австрия) 2:0 (2:0). Бірінші матч – 1:2Гол соққандар: 1:0 – Грбич (3), 2:0 – Беро (19)

ПАОК (Салоники, Греция) – «Мидтьюлланн» (Дания) 2:1 (2:0, 2:1), пен. 5:3. Бірінші матч – 0:1Гол соққандар: 1:0 – Живкович (20), 2:0 – Виейринья (26), 2:1 – Хег (80)

«Славия» (Прага, Чехия) – «Фенербахче» (Түркия) 3:2 (2:1). Бірінші матч – 3:2Гол соққандар: 1:0 – Шранц (19), 2:0 – Сор (27), 2:1 – Яндаш (39), 3:1 – Сор (63), 3:2 – Бериша (90).