Бейжіңде (Қытай) өтіп жатқан Олимпиада ойындарында шаңғы жарысынан масс-старт бәсекесінде медальдар табыс етілді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл жарыста ел намысын Евгений Величко қорғады. Бірақ жарыс басталуына кедергілер болды. Ауа райы қолайсыздығына байланысты қашықтық 50 шақырымнан 30 шақырымға қысқарды. Одан бөлек, ұйымдастырушылар жарыстың басталатын уақытын бір сағатқа шегерді.

Евгений Величко болса, Бейжіңдегі соңғы стартын сәтсіз өткізді. 43-нөмірмен өнер көрсеткен отандасымыз 43-орынға табан тіреді.

Ресейлік спортшылар Александр Большунов пен Иван Якимушкин алтын мен күміс медальді өзара бөлісті. Ал қола жүлде норвегиялық Симен Хегстад ​​Крюгерге бұйырды.

Олимпиада. Шаңғы жарысы. Масс-старт. 30 км. Ерлер1. Александр Большунов (Ресей) – 1:11:32.72. Иван Якимушкин (Ресей) +5.53. Симен Хегстад Крюгер (Норвегия) +7.0…43. Евгений Величко (Қазақстан) +7:11.1

Фото: Владислав Семенов, Olympic.kz