Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарында конькимен жүгіруден ерлер арасындағы масс-старттың жартылай финалы өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл жарысқа Қазақстан атынан қатысқан жалғыз спортшы Дмитрий Морозов 10-орын алып, финалға шыға алмады. Финалға әр жартылайфиналдық топтан үздік сегіз спортшы өткен.

Морозов қатысқан топта норвегиялық Кристиан Улеклейв 60 спринтерлік ұпаймен топ жарды.

Фото: Владислав Семенов, ҰОК