Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарының 15-күнінде қазақстандықтар екі спорт түрінде өнер көрсетеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Конькимен жүгіруде масс-старт жарыстары өтеді - ел намысын Надежда және Дмитрий Морозовтар қорғайды. Расын айтқанда, спортшыларымыз финалға шыққанының өзі жеңіс болар еді.

Шаңғышылар Евгений Величко мен Виталий Пухкало да масс-стартқа шығады, олар еркін жүріспен 50 шақырымға жарысады.

19 ақпандағы жарыс кестесі

Шаңғы жарысы12:00 Масс-старт, 50 км. Ерлер. Еркін жүріс.

Конькимен жүгіру спорты13:00 Масс-старт. Ерлер. Жартылай финал13:45 Масс-старт. Женщины. Жартылай финал14:30 Масс-старт. Ерлер. Финал15:00 Масс-старт. Женщины. Финал

Қайдан көруге болады:Хабар, Матч ТВ, Мат Арена - 12:55 (конькимен жүгіру спорты)Qazaqstan, Россия 1 - 11:55 (шаңғы жарысы)

* Нұр-Сұлтан уақытыменФото: ҰОК