Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарының 14-күнінде Қазақстан тек бір спорт түрінде сынға түсті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Конькимен жүгіруден 2013 жылғы әлем чемпионы Денис Кузин 1000 метрге жарыста үздік нәтижесін көрсете алмады. Ол 23-орын алды. Құрама ардагері 2021 жылдағы өзінің үздік нәтижесіне де жете алмады. Бұл Кузин үшін Олимпидадағы соңғы жарыс болды. Себебі жарыстан кейін Кузин карьерасын аяқтайтынын айтты.

Ал Дмитрий Морозов спринтер ретінде танылмаған. Дегенмен ол Кузиннен жақсылау нәтиже көрсетті - 17-орын. Енді Морозов масс-стартқа шығады.

17 ақпандағы нәтиже

Конькимен жүгіру спорты1000 м. ЕрлерДмитрий Морозов – 17-орын (1:09.61)Денис Кузин – 23-орын (1:10.07)

Фото: ҰОК