Бүгін «Астана» баскетболшылары ВТБ Бірыңғай лигасының тұрақты маусымында өз алаңында краснодарлық «Локомотив-Кубань» командасын қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу 87:83 (20:25, 24:21, 22:18, 21:19) есебімен астаналық клубтың жеңісімен аяқталды. Энтони Хики 43 ұпай жинап, «Астананың» үздік сұрмергені атанды. Екінші орында – Антонио Кэмпбелл, ол командасына 14 ұпай әкелді.

Еске салайық, 13 ақпанда «Астана» Мәскеудің ЦСКА командасынан 65:84 (14:18, 16:26, 19:18, 16:22) есебімен жеңілген болатын.

ВТБ Біріккен лигасы«Астана» - «Локомотив-Кубань» 87:83 (20:25, 24:21, 22:18, 21:19)