15 ақпанда астаналық баскетболшылар ВТБ Бірегей лигасының тұрақты маусымы аясында өз алаңында краснодарлық «Локомотив-Кубань» командасын қабылдайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Астаналықтарға өз алаңында ойнайтынына қарамастан, өте қиын болады, өйткені олар екі күн бұрын ғана Мәскеуде ЦСКА-ға қарсы ойнаған болатын. Краснодарлықтар 12 күн демалды, сондықтан бұл қонақтарға матчта басымдық береді.

«Астана» - «Локомотив-Кубань» матчының тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 19:00-де басталады. Матчты «Астананың» сайтынан және ВТБ лигасының ресми сайтынан көруге болады.

Фото pbcastana.kz