Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов алдағы жоспарымен бөлісті.

«Әдеттегідей жаттығулар Ақтөбеде өтуде, алда Таиландта жаттығамыз деген жоспар бар.

2021 жыл көп адамдар үшін қиын жыл болды. Мен үшін тұрақсыз болды, бірде төмен құлдилап, бірде жоғарылап отырдым. Жекпе-жекке дайындық кезінде психологиялық жағдай маңызды рөл атқарады, бірақ бұған аса көңіл аударылмайды. Бүгінде басым түрлі ойлардан таза. Маған екінші әке атанған бапкеріммен сұқбаттасып, маған көптеген пайдалы кеңестер мен бағыт-бағдар берді. Мен өте қуаныштымын және оларды міндетті түрде қолданамын. Бұрынғы Жако болып ораламын.

Әзірге, алдағы жекпе-жек туралы ақпарат жоқ. Алдыңғы қателіктерімізді түзеттік, жаттығуларымыз жалғасуда», — деп жазды Жұмағұлов инстаграмдағы парақшасында.