13 ақпанда Хьюстон (Техас штаты) қаласындағы Toyota Center аренасында UFC 271 турнирі өтеді, онда қазақстандық файтер Сергей Морозов бразилиялық Дуглас Сильваға қарсы жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Турнирдің тікелей трансляциясы 13 ақпанда Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 05:00-де UFC Fight Pass сайтында басталады.

Сондай-ақ, жекпе-жектің трансляциясын Матч ТВ арнасынан көруге болады.

Еске салайық, кештің басты жекпе-жегінде орта салмақ чемпионы Исраэль Адесанья мен Роберт Уиттакер реванш өткізеді.

Фото: meta-ratings.kz