Шорт-тректен Қазақстан командасының үздігі Абзал Әжіғалиев Бейжің Олимпиадасында 500 метрге жарысудан сынға түсіп, ширек финалға жолдама алды. Olympic.kz сайтына сұхбат берген спортшы өз мүмкіндігін көп күткенін айтады.

«Мен Олимпиадада тек қана 500 метрде бақ сынаймын. Бұған дейін барлық спортшылар өз қашықтықтары бойынша жарысқа қатысып, мұз айдынын сезініп үлгерді. Ал мен 4 ақпаннан бері өз кезегімді күттім. Бүгінгі іріктеуден іркілмей өтіп, ширек финалға жолдама алдым. Енді алдағы сайыстарда маған сәттілік тілеп қойыңыздар», - деді Әжіғалиев.

Айта кетелі, Абзал өз тобында мәреге бірінші болып келді.

Фото: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК