Бүгін Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарында үлкен трамплиннен секіруден іріктеу кезеңі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандықтар Данил Васильев пен Сергей Ткаченко негізгі кезеңге өте алмады. Васильев 69.4 ұпаймен (103 м) 51-орын алды. Ал Ткаченко 54-орын (60,7 ұпай, 98,5 м) иеленді.

Жарыстың негізгі кезеңіне үздік 50 спортшы жолдама алды.