«Аят» футзал клубы жас шабуылшы Данил Карпюкті қатарға қосты, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

«Біздің командаға шабуылшы Данил Карпюк ауысып келді. 21 жастағы шабуылшы Тюмень футзал мектебінің түлегі.

Осы маусымда Данил тюмендік клуб сапында 6 матчқа қатысып, 4 гол соқты», делінген хабарламада.