Бейжіңде өтетін Олимпиада ойындарына шаңғы қоссайысынан жалғыз квота Шыңғыс Рақпаровқа берілді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл ақпаратты бізге ұлттық құраманың бас бапкері Дильшат Мираев растады.

26 жастағы алматылық мансабында алғаш рет Олимпиадаға қатысқалы отыр. Ол әлем чемпионатына үш рет қатысқан.

Сонымен қатар, 2017 жылы Алматыда өткен Универсиада ойындарында өнер көрсетті.