Анахайм қаласында (Калифорния, АҚШ) UFC 270 турнирі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кештің басты жекпе-жегінде ауыр салмақтағы UFC чемпионы, франциялық Фрэнсис Нганну өзінің отандасы ауыр салмақта уақытша чемпион Сириль Ганмен кездесті.

Жекпе-жек бес раундқа жалғасып, төрешілер бірауыздан Френсис Нганнуды жеңімпаз деп таныды. Есеп – 48:47, 48:47, 49:46.

Осылайша, Сириль Ган мансабындағы алғашқы жеңілісіне ұшырады (UFC-де 7 жеңіс, 1 жеңіліс). Ал Фрэнсис Нганну чемпиондық атағын бірінші рет сәтті қорғады. Рекорды – 17 жеңіс, 3 жеңіліс (UFC-де 12 жеңіс, 2 жеңіліс).

Фото ufc.com