Бүгін таңертең (Нұр-Сұлтан уақытымен) Анахайм қаласындағы (Калифорния, АҚШ) Honda Center кешенінде UFC 270 турнирінің негізгі қардтың екінші маңызды жекпе-жегінде мексикалық Брэндон Морено (19-5-2) мен бразилиялық файтер Дейвсон Фигередо (20-2-1), деп жазады Prosports.kz.

Морено өткен жылы осы Фигередоны ұтып, тартып алған чемпиондық белбеуін бәске тіккен. Ал спортшылардың бірінші жекпе-жегі тең аяқталған еді.

Үшінші жекпе-жек те тартысты өтіп, жоспарланған бес раундқа созылған. Оның қорытыныдысы бойынша төрешілер Фигередоны жеңімпаз деп таныды. Осылайша Морено чемпиондық атағынан айырылды.

Еске салайық, турнирдің басты жекпе-жегінде Фрэнсис Нганну мен Сирил Ган кездеседі.