Қазақстан құрамасының бас бапкері Рикардо Кака УЕФА ЕУРО-2022 аясындағы Словенияға қарсы матчтан үміттерімен бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Біз Словения құрамасымен жақсы таныспыз. Біз олармен бір-екі жыл бұрын ойнап, матч соңында ғана жеңіске жеттік. Өте қиын матч болатынын түсінеміз, бірақ чемпионатты жеңіспен бастағымыз келеді».

Айта кетейік, Рикардо Кака Словениямен өтетін ойынға қатыспайды. Ковид жұқтырған жаттықтырушы карантинде болған кезде команданың ойынын онлайн басқарады. Оның алаңдағы міндетін Сергей Коридзе атқарады.

Қазақстан – Словения матчы 20 қаңтар күні Гронинген қаласында (Нидерланды) Нұр-Сұлтан уақытымен 22:30-да басталады.