Қазақстан құрамасының бас бапкері Рикардо Кака Еуропа чемпионаты аясындағы Словенияға қарсы матч алдында онлайн-конференция өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қиындықтарға қарамастан турнирде жеңіске жету мақсаты өзгермейді. Біз жолыққан қиындықтарды түсіне білу керек. Сол себепті турнирге стратегиялық тұрғыдан қарау қажет. Барлық кедергілерге қарамастан жауапкершілік маған жүктелген. Дәурен Тұрсағұлов команданың қатарына бүгін қосылды. Ол жарақатынан толық айыққан жоқ. Бүгінгі кездесуге қатыспайды. Сол себепті Нұрбек Қарағұлов, Жомарт Тоқаев және Азат Валиуллин сынды ойыншылардың өздерінің шеберліктерін көрсететін уақыттары келді», - деді бас бапкері Рикардо Кака.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасының бас бапкері Рикардо Кака Словениямен өтетін кездесуге қатыспайды. Ковид жұқтырған бапкер карантинде жатып команданың ойынын онлайн басқарады. Оның алаңдағы міндетін Сергей Коридзе атқарады.

Қазақстан – Словения матчы 20 қаңтар күні Гронинген қаласында (Нидерланды) Нұр-Сұлтан уақытымен 22:30-да басталады.