Бүгін Қазақстан құрамасы Нидерландыда өтетін Еуропа чемпионатындағы алғашқы кезедсуін өткізеді. Алғашқы қарсыласымыз - Словения құрамасы.

Prosports.kz журналисі футзал ардагері, белгілі отандық маман Владимир Кравченкоға хабарласып, Қазақстан құрамасының құрлық біріншілігіндегі мүмкіндігі жайлы пікірін білді.

- Владимир Леонидович, алдағы Еуропа чемпионатынан не күтесіз?

– Қазақстан құрамасы бұған дейін әлем чемпионатында төртінші орын алып, Еуропа чемпионатында қола жүлдеге ие болы. Демек құрамадан үлкен үміт күтеміз. Команданың турнирде жеңіске жеткенін немесе кем дегенде финалда ойнағанын қалаймыз. Коронавирусқа байланысты жарыс көрерменсіз өтеді, сонымен қатар, ойыншыларынан коронавирус анықталып жатқан командалар бар. Қазақстан құрамасында да осындай жағдай кездесіп отыр.

- Алғашқы кездесу Словения құрамасына қарсы өтеді. Бұл қарсылас туралы не айта аласыз?

- Бұл құрама іс жүзінде қазақстандық жанкүйерлерге жақсы таныс «Добовец» командасынан жасақталған. Сондықтан біз олардың мығым әрі ұзын бойлы жігіттер екенін жақсы білеміз.

– Жақында тағы бір бразилиялық Эдсон құрама қатарына қосылды, қазіргі құрамға қандай баға бересіз?

– Эдсонның құрамаға қосылуы өте пайдалы болады. Егер бізде бәрі ойдағыдай болса және ойыншылар матчтарға толық қатыса алса, бұл құрам кем дегенде үздік үштікке енуге қабілетті деп ойлаймын.

– Қазақстан құрамасы үшін В тобында бірінші орын алу маңызды ма?

- Иә, өз тобымызда бірінші орын алуымыз керек. Өйткені біздің топ плей-оффта Португалия ойнайтын топпен кездеседі. Егер екінші орын алатын болсақ, онда ширек финалда Португалиямен жолымыз түйсу ықтималдығы жоғары.

- Топта бірінші орын алуымызға Италия кедергі жасай ала ма?

- Әрине. Бірақ, менің ойымша, Словенияға қарсы бірінші ойын өте маңызды, бұл топтағы орынға әсер етуі мүмкін. Ал Италияға келсек, олардың сапында натурализацияланған бразилиялықтар да бар екенін жақсы білеміз. Сондықтан бұл команда өте мықты.

- Еуропа чемпионатының басты фавориттері ретінде кімді атар едіңіз?

- Менің ойымша, дайынлық деңгейіне қарасақ қазір Ресей құрамасы мықты құрама секілді. Ресейдің барлық ойыншысы қатарда. Испания футзалы өте үздік, ал әлем чемпионатын жеңген Португалия да жоғары деңгейде. Қазақстан құрамасының көздеген межесі де өте жоғары.