Жартылай қорғаушы Арман Нүсіп ақтаулық «Каспийге» оралды.

Бұл туралы отандық басылымдар хабарлады.

Ол ақтаулық клубта 2020 жылдың екінші жартысы мен 2021 жылдың бірінші жартысында өнер көрсеткен. «Каспий» сапында Премьер-лигада 29 матчқа қатысып, 2 гол соқты.

Сонымен қатар «Ертіс» пен «Тараз» командаларында да өнер көрсетті.