20 қаңтарда «Ақтөбе» Түркияның Анталия қаласында Украинаның «Полесье» командасымен жолдастық матч өткізеді, деп жазады Prosports.kz.

«Полесье» Украина чемпионатының Бірінші лигасында өнер көрсетеді. 18 ойыннан кейін 25 ұпай жинап, турнирлік кестеде 9-орында тұр.

«Ақтөбе» былтыр ел чемпионатында 6-орын алды.

«Ақтөбе» – «Полесье» матчының тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан уақытымен 20:00-де (Ақтөбе уақыты бойынша 19:00-де) басталады.