20 қаңтарда Қазақстан құрамасы футзалдан Еуропа чемпионатындағы сапарын бастайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Пауло Рикардо Кака шәкірттері Словения құрамасымен кездеседі. Қазақстан құрамасының топтық кезеңдегі мақсаты - бірінші орын алу. Сондықтан топтағы алғашқы матчта үш ұпай алып, кім фаворит екенін бірден көрсету қажет.

Қазақстан – Словения матчының тікелей трансляциясын Qazsport телеарнасы көрсетеді, ойын елорда уақытымен 22:20-да басталады. Кездесуді мына СІЛТЕМЕ арқылы көруге болады.

B тобындағы екінші матч Нұр-Сұлтан уақытымен 01:30-да басталады, онда Италия мен Финляндия кездеседі. Бұл ойынды да Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.