Футзалдан Еуропа чемпионатының алдында Қазақстан құрамасының ойыншысы Леонардо Мендонка Да Роса (Лео) жарақат алды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі kazfutsal Инстаграм-парақшасына сілтеме жасап.

Лео Еуропа чемпионатының алғашқы ойыны алдында жарақат алып қалды.

Қатты тиген доп салдарынан қорғаушының оң білегі сынған. Жарақаттан толық айығу үшін 6-8 апта қажет.