Футболдан Камерундегі Африка ұлттары кубогында D тобының шешуші матчтары өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Мысыр – Судан 1:0 (1:0)Гол: 1:0 – Абдель Монем (35)

Гвинея-Бисау – Нигерия 0:2 (0:0)Голдар: 0:1 – Умар (56), 0:2 – Трост-Эконг (75)

D тобының үшінші турынан кейін барлық ойында жеңіске жеткен Нигерия құрамасы бірінші орын алды. Алты ұпайы бар Мысыр құрамасы екінші орында. Судан құрамасы бір ұпаймен үшінші орын алды, команда плэй-офф кезеңіне шыға алмайды. Гвинея-Бисау құрамасы бір ұпай еншілеп, соңғы орын алды.

Фото cafonline.com