Гвинея құрамасы Африка ұлттар кубогының топтық кезеңінде Зимбабве құрамасынан жеңілді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Топтық кезеңнің үшінші туры аясында өткен ойын 2:1 есебімен аяқталды.

Гвинея соңғы турдағы жеңіліске қарамастан, чемпионаттың плей-офф кезеңіне жолдама алды. Үш ойында төрт ұпай жинап, өз тобында екінші орын алды. Бұл топта Сенегал құрамасы бірінші орын алды (бес ұпай).

Алматылық «Қайраттың» шабуылшысы Хосе Канте Гвинея құрамасы сапында алаңға шықты. 31 жастағы ойыншы матчты негізгі құрамда бастап, екінші таймның басында алмастырылды.

Африка кубогы. Топтық кезең

B топы. 3-тур

Зимбабве — Гвинея — 2:1 (2:0)

Гол соққандар: Мусона, 26. Махачи, 43 — Кейта, 49.