«Эвертон» футбол клубының қорғаушысы Люка Динь «Астон Виллаға» ауысты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Франциялық футболшының командадан кетуіне бас бапкері Рафаэль Бенитеспен жанжалдасып қалуы себеп болды.

Журналист Фабрицио Романоның айтуынша, ойыншының трансферіне 27 миллион еуро жұмсалды.

Динь ​​осы маусымда 15 ойынға қатысып, бір гол соқты.

Айта кетейік, ол бұған дейін ПСЖ, «Барселона», «Рома», «Эвертон» командаларында өнер көрсетті.