«Реал Мадрид» Испания Суперкубогының жартылай финалдық матчында «Барселонаны» 3:2 есебімен жеңді, деп жазады Prosports.kz.

Осы ойында каталониялық клубтың қорғаушысы Дани Алвес мансабындағы 1000-кездесуін өткізді.

Бразилиялық футболшы «Баия» (37 матч), «Севилья» (249), «Ювентус» (33), ПСЖ (73), «Сан-Паулу» (95), «Барселону» (394) командаларында өнер көрсетті. Бұдан бөлек Бразилия құрамасында 119 ойынға қатысты.