Дағыстандық файтер Мариф Пираев былтыр Қазақстанда жекпе-жек өткізуі керек еді. «Пиранья» лақап атымен танымал файтердің қазақстандық Артем Резниковпен кездесуі өтпей қалды. Ал күзде ол Қуат Хамитовті жеңді. Мариф Пираев Prosports.kz сайтына берген сұхбатында (Cұхбат Қазақстанда Төтенше жағдай орнамай тұрып жазылған - авт.) жоспарымен бөлісіп, Қазақстанда жекпе-жек өткізуі мүмкін екенін айтты.

- Алматы қалай қарсы алды?

- Бұл Алматыға алғаш келуім емес. Бірнеше мәрте қонақ болғанмын. Бәрі жақсы, керемет. Өз үйімде жүргендей күйдемін.

- Қазақстанда жанкүйерлер жекпе-жегіңізді тағатта күткен еді...

- Алматыда өткен NFC 35 турнирінде Артем Резниковпен күресуім керек еді. Өкінішке қарай, ол жарақат алып қалды. Сондықтан жекпе-жегімізді кейінге шегерді. Ең бастысы - денсаулық. Денсаулық жақсы болса, кез келген сәтте күресе аламыз.

Өз басым бұл айқасқа дайынмын. Қай уақытқа қоймасын келісімімді беремін. Тек Артемнің жауабын күтеміз.