Қазақстандық файтер Артем Резников (22-6) Қуат Хамитовті Ерекше мақсаттағы полиция жасағы (ОМОН) ұрып-соқты деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Мен қызметкерлер наразылық білдірушілерден жапа шеккенін түсінемін, бірақ олар осы бейберекетсіздікке жол бермеуі керек емес пе еді, ұстап әкеттіңдер, енді айып тағыңдар, бәрін заң бойынша істеңдер, ұрудың не керегі бар? Шыда, бауырым», – деп жазды Артём Instagram-парақшасында.