Қазақстандық теннисші Александр Бублик Ян Зелинскимен жұптасып, Аделаидада өтіп жатқан ATP 250 сериялы турнирдің бірінші кезеңінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Австралиялық Калум Паттергилл – Адам Тейлор жұбымен өткен кездесу 6:1, 4:6, 10:8 есебімен аяқталды.

Келесі айналымда Бублик пен Зелински Томислав Бркич (Босния және Герцеговина) - Никола Качич (Сербия) жұбымен кездеседі.