Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Сиднейде (Аустралия) өтіп жатқан WTA 500 турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Турнирдің бірінші айналымында Рыбакина US Open-2021 турнирінің жеңімпазы британиялық Эмма Радукануды жеңді.

56 минутқа созылған кездесу 6:0, 6:1 есебімен қазақстандықтардың пайдасына аяқталды.

Отандасымыз екінші айналымда Каролин Гарсиямен (Франция) кездеседі.