Шабуылшылар Антон Некряч пен Никита Колобов «Торпедо» хоккей клубынан кетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Өскемендік клубтың баспасөз қызметінің хабарлауынша, екі ойыншымен де келісімшарт тараптардың келісімі бойынша бұзылды.

Осы маусымда Антон Некряч PRO Ligasy аясында 22 матчқа қатысты. Ал Никита Колобов 18 ойында алаңға шығып, 3 шайба соқты және 4 нәтижелі пас берді.