Құрлықтық хоккей лигасы «Барыстың» алдағы екі матчының тоқтатылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл туралы елордалық клуб хабарлады.
«11 қаңтарда «Торпедоның» 11 хоккейшісі мен екі өкілінен коронавирус анықталды.
COVID-19 таралуының алдын алу мақсатында Лига 11 қаңтарға жоспарланған «Торпедо» - «Барыс» және «Торпедо» - «Куньлун Ред Стар» (13 қаңтар) матчтарын өткізбеу туралы шешім қабылдады.
Бүгін түнде «Барыс» Мәскеуге ұшып, одан автобуспен Подольск қаласына барады, онда біздің команданың келесі ойыны өтеді», - делінген команданың хабарламасында.
Комментарии