Бүгін кешке қазақстандық «Барыс» хоккей клубы ҚХЛ тұрақты чемпионаты аясында «Торпедомен» кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.

Нижний Новгородта өтетін матч Нұр-Сұлтан уақытымен 22:00-ге жоспарланған, ал тікелей трансляцияны мына жерден жерден қарауға болады.

Еске салайық, елордалық клуб қатарынан үш матчта жеңіске жеткен, қазір Шығыс конференциясының турнир кестесінде 47 матчтан кейін 48 ұпай жинап, сегізінші орында келеді.