«Ақтөбе» футбол клубы франциялық екі футболшысымен келісімшарт мерзімін ұзартпайды, деп жазады Prosports.kz.

Отандық басылымдардың хабарлауынша, Франция азаматы саналатын Тонго Думбия (малилық) Эрвейн Мукам (Камерунда туған) ақтөбелік клубтан кетеді. Екі ойыншы да «Ақтөбеде» бір маусым өнер көрсетті.

Думбия 19 матчқатысты. Ал Мукам 25 матчта алаңға шығып, 4 гол соқты және 2 нәтижелі пас берді.