«Шахтер» футбол клубы осы аптада шетелге оқу-жаттығу жиынына аттануы керек, деп жазады Prosports.kz.

Қарағандылық клуб 14 қаңтарда шетелдегі жаттығу жиынына қатысу үшін жолға шығады деп жоспарланған. Бірақ «кеншілер» белгіленген мерзімде атана ала ма, жоқ па қазірше белгісіз.

Айта кетейік, «Шахтер» өткен маусымда Қазақстан кубогының финалында «Қайраттан» жеңіліп, күміс жүлдегер атанды.