Қазақстан чемпионы «Тобыл» 2022 жылғы маусымға дайындық аясында жоспарланған оқу-жаттығу жиынына кірісе алмай жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жаңа маусымға дайындық 8 қаңтарда Қостанайда басталуы керек болған, алайда ел чемпионы жиынды бастай алмады. Енді «Тобыл» бірден түркиялық Антальяға ұшады. Команда қашан ұшатыны әзірге белгісіз.